Асырап алған балаларын құлдықта ұстаған әйел екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Ұлытау облысында балаларды қамқорлығына ала тұрып, бірнеше жыл бойы құлдықта ұстаған әйелдің ісіне қатысты түсінік берді.

Фото: Kazinform

«Бұл әйелге қатысты екі бап бойынша іс қозғадық. Біріншісі – қамқоршы құқығын асыра пайдалану, екіншісі – қоролық жасау. Қылмыстық істің аясында қараймыз. Онда заң бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы ескерілген», - деді И.Лепеха Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Ұлытау облысында балаларды қамқорлығына ала тұрып, бірнеше жыл бойы құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Ұлытау облысында 5 жыл бойы фермада жұмысқа жегіліп, құлдықта болған балаларға барғаны туралы хабарлаған болатынбыз.