Әскери қызметкер Шымкентте қираған үйге бірінші жетіп бір отбасыны құтқарған
Опырылып құлаған үй маңынан жылаған баланың дауысы мен көмекке шақырған адамдардың даусын естиді. дереу жұбайына жедел жəрдем мен өртке қарсы қызметті шақыртуды бұйырған ол, ойланбастан көмекке ұмтылады, деп хабарлайды Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
«Оңтүстік» өңірлік басшылығы Ұлттық ұланның қолбасшылығына аталған əскери қызметшінің табандылықпен жасаған қайсарлы əрекеті үшін оны ынталандыру жөніндегі ұсыныс жіберілді.
Еске сала кетсек, 8 қаңтарда шамамен сағат 03:30-да Шымкент қаласындағы Халықтар достығы көшесіндегі екі қабатты үйде газ баллоны жарылды. Тұрғын үй опырылып құлап, бір адам қаза тапты .