Тоғызыншы мамыр күні қазақстандық десантшылар Қызыл алаңмен салтанатты шерумен өтіп, бүкіл адамзаттың бейбітшілігі мен азаттығы жолында күресіп, қаза тапқан жауынгерлер мен көзі тірі ардагерлерге тағзым етті.
– Мәскеудегі салтанатты шеруге қатысу – мен үшін зор мәртебе. Бұрынғы жылдары Қызыл алаңнан сарбаздар майданға аттанған. Ең ауыр соғыста олар рухының күші мен отансүйгіштігінің арқасында жеңіске жетті. Жеңіс үшін өмірін қиған жандардың рухына тағзым ету мүмкіндігі бұйырғанына мақтанамын, – деп парадқа қатысқан аға лейтенант Ерзат Қосын өз әсерімен бөлісті.
Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсеткен болатын.