Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес, 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери шеруге дайындық және оны өткізу мақсатында Астана қаласының әуе кеңістігі уақытша жабылады. Осыған байланысты Алматыдан Астанаға және кері бағыттағы сапарлар кестесінде уақытша өзгерістер болады.
– Жолаушылардан аталған шектеулерді өз сапарларын жоспарлау барысында ескеруді сұраймыз. Рейстері өзгерген жолаушыларға әуекомпаниялар брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы қосымша хабарлайды, - деп атап өтті әуежайдың баспасөз қызметі.
Сапарлар туралы өзекті ақпаратты әуе компаниялар мен әуежайдың анықтама қызметінен алдын ала нақтылауға болады.
Байланыс нөмірлері:
Алматы халықаралық әуежайының анықтама қызметі: 7 (727) 270 33 33, 7 (727) 270 48 49
Air Astana: 7 (727) 244 44 77,WhatsApp: 7 702 702 00 74
FlyArystan: 7 (727) 331 10 10,WhatsApp: 7 702 702 02 27
SCAT Airlines: 7 (7252) 99 88 80
Qazaq Air: 7 (727) 356 14 14
Еске салайық, бұған дейін Астана қаласының әуе кеңістігі уақытша жабылатыны туралы жазған едік.