Киіз үйдің элменті - кереге жасау арқылы бітімгерші әскери қызметшілер өздерінің барлық әріптестері мен қаруластарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Әскери машиналарды алты лекке тізіп, олар қақтығыс болдырмай қозғалыста нақты және үйлесімді түрде керегенің символын (киіз үйдің құрамды бөлігін) құрды. Бұл ретте барлық іс-қимылға санаулы минуттар ғана кетті.
Кереге - бұл киіз үйдің негізгі қаңқасының бір бөлігі, ол желге берік қорғаныс, сондай-ақ оған щаңырақты ұстап тұратын тіреуіш уық бекітіледі.
Осылайша, әскери қызметшілер Қазақстан армиясын халқымыз үшін қорғаныс және тіреуішпен салыстырды.