Астана әкімі LRT-де жол жүру бағасы қанша болатынын айтты

Фото: Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА.KAZINFORM - Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Сарайшық ауданы тұрғындарымен кездесуде LRT-де жол жүру билетінің бағасы қанша болатынын айтты. 

— LRT билетінің бағасы бойынша айтсақ, жобалық баға белгіленген. 100 теңгеден 200 теңгеге дейін деп жобалап отырмыз. Әзірге осындай меже қала береді, — деді әкім.

Еске салсақ, биыл күзде LRT-ні тестілік режимде іске қосу жоспарланған

Сондай-ақ Астана әкімі елордадағы ақылы тұрақтар жаңа инвесторға берілуі мүмкін деген мәліметтерді теріске шығарған еді

Әкім ақылы тұрақтарды жаңа инвесторға беру мәселесі күн тәртібінде жоқ екенін мәлім етті.

— Мен осыдан 2-3 ай бұрын алдын ала хабарлаған едім. «Астана тұрақ кеңістігі» мекемесін коммуналдық меншікке өткізетінімізді айтқанмын. Бұл мәселемен Көлік басқармасы тікелей айналысады. Қазіргі таңда инвестормен келісімшартты тоқтату бағытында жұмыс жүріп жатыр. Мекеме коммуналдық меншікке беріледі, — деді Жеңіс Қасымбек.