Тиісті шешім Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы №443 бұйрығымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын тағайындау қағидаларының 25 және 29-тармақтарына сәйкес қабылданды.
— Шешім жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне 2026-2030 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысының 2026 жылғы 20 тамыздағы №7 хаттамасы негізінде, еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріле отырып қабылданды, — делінген хабарламада.
Грант иегерлерінің толық тізімін мына сілтемеден көре аласыздар.
Айта кетейік, 27 мыңнан астам адам тамыз ҰБТ-сын тапсырды.