Астана әуежайының ұшу-қону жолағы бүгін түнде жабылмайды

АСТАНА. KAZINFORM – Астана әуежайының баспасөз қызметі ұшу-қону жолағы бүгін түнде жабылмайтынын мәлім етті.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Әуежай штаттық режимде жұмыс істейді. Барлық кешіктірілген рейстер кестеге сай орындалатын болады. Біздің басты мақсатымыз - жолаушыларымыздың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету»,-деп жазды әуежайдың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыған дейін елорда әуежайынан барлық рейс уақытша тоқтатылып, әуежай екі сағатқа жабылғаны хабарланды. Төтенше жағдайға қатысты қала әуежайының баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Жергілікті уақыт сағат 16:00-де Swissair әуе компаниясының Токиодан Цюрихке 777-300ER (ротаның борттық нөмірі HBJNI) ұшқан SVR161 рейсі Астана әуежайына шұғыл қонды. Экипаж 50 жастағы жолаушының инсульт алу мүмкіндігіне байланысты қонуға шешім қабылдаған. Сағат 16:00-де ұшақ сәтті қонғаннан кейін, ұшу-қону жолындағы бұрылыс кезінде экипаж қателігінен ұшақ жолақтан сырғып кетті. Осыған байланысты сағат 16:03-те апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ескерту жарияланды», - деп жазды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, кейін елорда әуежайының жұмысы қайта жанданғаны хазылды.