Оның айтуынша, 1969 жылы туған ер адам Астана халықаралық әуежайы аумағында оның 100 мың АҚШ долларын алаяқтық жолмен иемденіп алған.
Аталған факт бойынша,көлік ІІД қызметкерлері ҚР ҚК 190 бабы, 3 бөлімі, 1 бөлімшесі (Ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлады көлік ІІД баспасөз қызметі.
Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, 47 жастағы ҚР азаматын ұстады.
Сотқа дейінгі тергеу барысында ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп күдіктелген ер адамның кінәсі толық дәлелденді.
Қылмыстық іс Астана қаласы Есіл ауданының №2 сотына жіберілді.