«Астана қаласының халықаралық әуежайында «Астана-Мәскеу» бағытындағы әуе рейсімен ұшпақ болған 52 жастағы Ресей Федерациясының азаматы ұсталып, одан жалпы салмағы 17,308 грамм «кептірілген марихуана» есірткісі тәркіленді. Ол есірткіні Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан заңсыз алып өтпек болған», - делінген хабарламада.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелінді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.