Астана қалалық ІІД азамат алдау және сеніміне кіру арқылы «Dream Life» компаниясынан Астана қаласынан баспана сатып алу үшін Ж. есімді азаматтың 2,5 миллион теңге сомасындағы ақшасын иеленген М. есімді азаматтың үстінен ҚР ҚК-нің 195-бабының 4-бөлімімен (мүліктік зиян келтіру және сенімге қиянат ету) сот алдындағы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», - делінген таратылған хабарламада.
Полицейлердің атап өтуінше, «Dream Life» ЖШС БАҚ-та жылжымайтын мүлікті бүкіл Қазақстан, соның ішінде Астана қаласы бойынша «Ортақ Үй» тұтынушылық кооперативі арқылы мерзімін ұзартып, пайызсыз және артық төлемсіз сататыны туралы жариялаған.