Астана қалалық ІІД MEGA СОСО-ғы сапасыз құрылыстың болуын анықтауға қатысты сот алдындағы тергеуін бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының ішкі істер департаменті «MEGA Астана» СОСО шатыры бөліктерінің құлауы фактісі бойынша сол алдындағы тергеу амалдарын бастады.

Ведомствода хабарлағандай, аталған факті сол алдындағы тергеудің Бірыңғай тізілімінде тіркелген. ҚР ҚК-нің 278-бабы («сапасыз нашар құрылыс») бойынша сол алдындағы өндіріс жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалған.