Астанадан Щучинск қаласына дейін көлік қозғалысы шектелді

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Ақмола облысында ауа райына байланысты республикалық жолдар жабылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

— 2026 жылғы 5 ақпан сағат 17:00–де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 18-232 шақырым аралығында (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Жолды 2026 жылғы 6 ақпан сағат 09:00–де ашу жоспарланған, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады. 

Бұдан бұрын ҚазАвтоЖол қолайсыз ауа райында ақылы жол ақысы арзандамайтынын мәлім еткен еді.