Аппараттық кеңесте оны ІІД жеке құрамына ведомство басшысы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров таныстырды.
Өткен жылдың желтоқсанында елорданың жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымына үміткер ретінде Астана қ. әкімшілік полиция басқармасының басшысы Бақытжан Малыбаевтың кандидатурасы мәслихаттың қарауына (келісіміне) ұсынылды. Елордалық мәслихат депутаттары оны бірауыздан қолдады.
Бақытжан Малыбаев 1969 жылы дүниеге келген. ҚР ІІМ Алматы заң институтын тәмамдады. 1990 жылдан Ішкі істер органдарында қызмет етіп келеді.
Көп жылдар басшылық қызметте болып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша құрылымдарды басқарды.