«Астана-Көкшетау» жолында 2 адам ажал құшқан көлік апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Астана-Көкшетау» жолының бойында жол апатынан 2 адам опат болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша жол апаты бүгін сағат 11:00-дер шамасында Ақкөл қаласының тұсында «Астана-Көкшетау» тас жолының бойындағы «Гелиос» жанар-жағар май құю стансасының маңында болған.

«Астана қаласына бара жатқан «Toyota Land Cruiser» көлігінің дөңгелегі түсіп қалып, жанында кетіп бара жақтан «Toyota HiAce» көлігіне соғылған. Осының салдарынан соңғы көліктің жүргізушісінің 1983 жылғы келіншегі мен 2006 жылғы бала қайтыс болды. Оған қоса, 11 жолаушы зардап шекті», деп түсіндірді баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Қазіргі кезде, жол апатына байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды.