Аталған мекеменің қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Айдар Хасановтың айтуынша, жолдардың қар алып қалатын бөліктеріне бетон қалқаншалар қойылып жатыр.
«Біздің филиал облыстағы республикалық маңызға ие жолдарға жауап береді. Бүгінде Қостанай-Әулиекөл-Сұрған аралығындағы тас жолдарға қоршау қойылуда. Жалпы, қар көп алады деген ұзындығы 60 шақырым аумақтың 10 шақырымы қамтылады», - деді Хасанов.
Бөлім бастығының сөзінше, осыған дейін бұл аралықтарда ағаш қоршаулар тұрған. Қатты желдің кесірінен олар көпке шыдамаған сыңайлы. Сол себепті қоршаулар бетоннан тұрғызылмақ. Осыған орай республикалық бюджеттен 211 млн теңге бөлінді. Барлық жұмыстар ақпан айында аяқталады.
Фото: kstnews.kz