1. Халық саны — 1 674 699 адам (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша).
2. Әйелдер саны ерлерге қарағанда көп: 884 029 әйел, 790 670 ер адам.
3. Қазақстан бойынша 26 адамның есімі — Астана.
4. 2025 жылы Астанада 27,4 мың сәби дүниеге келді.
5. 18 жасқа дейінгі балалар саны — 545 мың: оның ішінде 280 мыңы — ұл, 265 мыңы — қыз (2026 жылдың басындағы жағдай бойынша).
6. 2026 жылдың алғашқы 5 айында елордада 3 469-дан астам неке тіркелді.
7. 2025 жылғы қартаю индексі — 22,9 (100 балаға шаққандағы 65 жастан асқан қарттардың саны).
8. Астана тұрғынының орташа жасы — 30,9 жас (2026 жылдың басындағы жағдай бойынша).
9. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы — 78,8 жас (2025 жылғы көрсеткіш).
10. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны — 274 285 (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша).
11. Құрылыс саласындағы компаниялар саны — 18,5 мың (Қазақстан бойынша 1-орын).
12. Елордада 576 мың пәтер бар (2025 жыл).
13. Қоғамдық тамақтану нысандарының саны — 6 819 (Қазақстан бойынша Алматыдан кейінгі 2-орын). Оның ішінде: заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары — 2 241; жеке кәсіпкерлік субъектілері — 4 578.
14. Қалада 31 театр жұмыс істейді.
15. 5 музей бар.
16. 35 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді.
17. Елордада 24 саябақ орналасқан.
18. Тұрақты интернет абоненттерінің саны — 443,4 мың (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша).
19. 2026 жылдың І тоқсанында қонақүйлерде 67,9 мың шетелдік турист орналасты.
20. Астанада 6 бес жұлдызды қонақүй бар.
Осыған дейін Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауын жариялады.