«Бұл орындар кездейсоқ таңдалған жоқ. Мысалы, «Асыл бөбек» балабақшасына ерекше қажеттілігі бар балалар барады, олардың ішінде мүгедек арбасында отыратын балалар да бар. Қатты бораннан кейін, балабақша аумағын қар басып, ата-аналар үшін баланы көтеріп подъезге жету қиындады», делінген хабарламада.
Боран кезінде қалың түскен қарды тазалау көп уақыт алатын еді, өйткені мекемеде қызметкер көп емес, ал ата-аналар мен балалар үшін таза жол қазір және тез арада қажет.
Орталық кассада да осындай жағдай. Кассаға келушілердің ішінде зейнеткерлер, мүгедектер және көпбалалы аналар бар. Бірлескен күш-жігермен бірнеше сағат бойы аталған мекемелер аумағы тазартылды.
Айта кетейік, елорда жастары әлеуметтік желіде қар күреу челленджін бастады. Елорда еріктілерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдады.