Астана маңына қатынайтын автобустар тоқтады

Фото: Фото: «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFОRM – Астана маңына қатынайтын қоғамдық көліктердің бірқатары күннің бұзылуына байланысты қозғалысын тоқтатты.

«Ауа райының қолайсыздығына және бірқатар жолдың жабылуына байланысты қала маңына қатынайтын бағыттар бойынша қозғалыс тоқтатылды»,-деп мәлім етті «City Transportation Systems» ЖШС.

Осыған дейін Астана мен Көкшетауда екінші ауысымдағы сабақ онлайн өтетінін хабарлаған болатынбыз.