Астана қаласының қоғамдық кеңесі вокзал ғимаратының мәртебесін қайта қарау туралы ұсынысты қолдады

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада 1954 жылы алғашқы тың игерушілер эшелоны келген теміржол вокзалы ғимараты мен вокзал маңындағы алаңды жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізімінен шығару мәселесі қаланың қоғамдық кеңесінің отырысында қаралды.

Фото: Polisia.kz

Бұл туралы Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асет Ерназаров мәлім етті.

– 2026 жылғы 18 маусымда 1954 жылы алғашқы тың игерушілер эшелоны келген вокзал ғимараты мен вокзал маңындағы алаңды жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізімінен шығару мәселесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссиясының отырысында қаралды, – деді ол.

Оның айтуынша, комиссия қарауының қорытындысы бойынша аталған нысандарды жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізімінен шығару туралы Астана қаласы әкімдігінің қаулы жобасы әзірленген. 

Мәселе Астана қаласы мәслихатының отырысында қаралып, депутаттар ұсынысты қолдады. Нәтижесінде тиісті жоба қабылданды.

Бұған дейін Еліміздегі вокзалдарды жаңғыртуға 100 млрд теңге жұмсалатынын жазғанбыз.