Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай

Коллаж: Kazinform/ Canva

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар: сатып алу - 526,15 теңге, сату - 527,97 теңге;

- еуро: сатып алу - 606,56 теңге, сату - 610,97 теңге;

- рубль 6,42 - 6,53 теңге аралығында саудаланады.

- юань 74,22 - 76,85 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар 523,58 теңгеден сатып алынады, 530,46 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 603,55 теңге, сату - 613,55 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,39 теңге, сату - 6,55 теңге.

- юань 74,90 теңгеден сатып алынады, 78,91 теңгеден сатылады;

Еске салайық, 7 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,55 теңгеге арзандап, 526,02 теңге болды.