Астана мен Алматыда доллар 515-518 теңгеден саудаланып жатыр

Коллаж: Kazinform/ Canva

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар: сатып алу — 513,31 теңге, сату — 515,44 теңге;
— еуро: сатып алу — 591,18 теңге, сату — 598,30 теңге;
— рубль 6,50 — 6,62 теңге аралығында саудаланады.
— юань 73,00 — 75,58 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар 511,53 теңгеден сатып алынады, 518,47 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 591,51 теңге, сату — 601,40 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,50 теңге, сату — 6,60 теңге;
— юань 74,11 теңгеден сатып алынады, 78,23 теңгеден сатылады.

Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 4,25 теңгеге арзандап, 512,53 теңге болды.