Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр

Фото: Александр Павский / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамдары ұсынылды. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде:

- доллар: сатып алу - 547,32 теңге, сату - 549,26 теңге;
- еуро: сатып алу - 641,67 теңге, сату - 644,67 теңге;
- рубль 6,58 - 6,70 теңге аралығында саудаланады.
- юань 76,27 - 78,88 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Елорданың ақша айырбастау пунктерінде:

- доллар 545,79 теңгеден сатып алынады, 551,79 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 637,76 теңге, сату - 645,81 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,63 теңге, сату - 6,78 теңге.
- юань 76,26 теңгеден сатып алынады, 80,07 теңгеден сатылады;

Еске салайық, 3 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,58 теңгеге қымбаттап, 547,57 теңге болды.