Астана мен Алматыда қазақстандықтардың жеке деректерін заңсыз сатқан топ ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM –  Биыл наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана және Алматы қалаларында ҚР азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинауда және таратуда күдікті адамдар тобы әрекетінің жолын кесті. 

Фото: ҰҚК

Тергеу материалдары бойынша қылмыстық іс фигуранттары заңсыз жолмен алынған ақпаратты интернет желісінде сатып келген.

Фото: ҰҚК

Сатып алушылар қатарында микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың кейбір өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған.

Фото: ҰҚК

Тінту барысында компьютерлік техника, электрондық ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемде ақша қаражаты және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Фото: ҰҚК

Қылмыстық кодекстің 147, 208 және 210-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетелік Үкімет жеке деректерді қорғау талабын жаңартатын құжатты бекіткен еді