«Бұл конкурсқа бір жарым мыңға жуық адам өтінім берген, соның ішінде барлығы 40 адам өткен. Финалға өту бақыты тек 9 вокалшыға бұйырған, солардың ішінде С. Ахметова бар. Іріктеу турында ол Г.Ф. Генделдің «Юлий Цезарь» операсынан Клеопатра ариясын орындаған болатын, - деп хабарлады «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының баспасөз қызметінен.
Қатысушылар жоғары деңгейдегі пианистердің сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Қазылар алқасының құрамына Еуропа және Американың ірі театрларының директорлары енген.