Бұл факті ҚР ҚК 133-бабы бойынша (кәмелет жасқа толмағандарды антиқоғамдық әрекеттер жасауға тарту) бірыңғай сот алды тергеу тізіліміне енгізілді. Тергеу жүргізілуде.
«Полиция қызметкерлерінің тексеру шараларының барысында 34 жастағы Астана тұрғыны бұл жағдайды былай деп түсіндірді, ол үйінде балаларымен қалжыңдап, әзіл видео ролик түсіруді шешкен. Арақтың бөтелкесіне «Сарыағаш» суын құйып, балаларына рюмкаға құйып берген. Видео әзіл ретінде, көңіл көтеру мақсатында түсірілді», - делінген хабарламада.
Ол азамат полицияға оның үйінде түсірген видеороликті жариялаған белгісіз біреуге шаралар қабылдау туралы шағымымен жүгінген.
Оның шағымы ҚР 211-бабы бойынша (шекті қолжетімділіктегі электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату) бірыңғай сот алды тергеу тізіліміне тіркелді. Тергеу жүргізілуде.
Бұдан басқа, балалардың ішімдік ішкен-ішпегенін тексеру үшін сараптама тағайындалды.