Астана полициясы биіктен құлап ажал құшқан бойжеткеннің кім екенін анықтауда

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Астана қаласы ІІД криминалдық полиция басқармасы биіктен құлап, қаза тапқан бойжеткеннің кім екенін анықтауда.

«2017 жылғы 4 тамызда Асан қайғы көшесіндегі 2 үйдің ауласында 20-25 жастағы бет-әлпеті азиялық, дене бітімі орташа белгісіз бойжеткеннің мүрдесі табылды. Оның кім екені қазіргі уақытқа дейін анықталған жоқ», - деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметінде.

Белгілері: бойы 162 см., шашы қоңыр, боялған, ұзын, мұрны тік, қасы татуаж, құлағы тесілген.

Бойжеткен қара-ақ түсті ала туник киген. Сол қолына күміс жүзік таққан.

«Белгісіз бойжеткен туралы дәйекті ақпараты бар азаматтар болса, 8(7172) 71-60-10, 71-60-22, с.т. 7 775 979 95 05» телефондары арқылы хабарласуды сұраймыз, - деп атап өтеді полицияда.