АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Ата заң күніне арналған мерекелік шараларға байланысты 29 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында елордалық гарнизонның барлық жеке құрамы қызметін күшейтілген тәртіпте атқарады. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихаты барысында қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Саятбек Жантаев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, мерекелік шаралар барысында қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатында 500-ден астам полиция қызметкерлері, оның ішінде 100-ден астам әскери қызметкерлер жұмылдырылмақ. Бұған қоса, 150 турникет орнату жоспарланып отыр.
«Учаскелік инспекторлар әкімшілік аумақтарды шолу іс-шараларын күшейтеді»,-деді С. Жантаев.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.