«ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабына жататын сотқа дейінгі тергеу материалдары прокуратураға жіберілді», - деп хабарлады қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.
Еске сала кетсек, қаңтар айында 36 жастағы келіншек өз сүйіктісін жыныстық мүшесінен айырғысы келген болатын. Кейінірек қансыраған жанды өз көлігімен ауруханаға алып баруға мәжбүр болған.
Желілер мен мессенджерлерде Астана қаласы Есіл аудандық №2 сотының 2018 жылғы 24 қаңтардағы қаулысы ретінде сипатталған фото тарап кеткен болатын. Астана қаласының Ішкі істер департаменті атышулы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталған хабарлады.