Синтетикалық есірткінің жаңа түрлерінің қаупін жастардың санасына сіңіру мақсатында елорданың ішкі істер департаменті ұйымдастырған акцияға аталған университеттің 600-ге жуық студенті қатысты.
Акцияның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Астана қалалық ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы, полция полковнигі Қайрат Нұрымов синтетникалық есірткінің адам ағзасына тигізер зияны жайында кеңінен мағлұмат берді.
Өз кезегінде «Барыс» хоккей клубының вице-президенті Арман Нұрымбетов жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырды. Ал «Алдар көсе», «Қара шаңырақ» сериалдарында, «Жан жүрегім - Астана», «Жау жүрек мың бала» фильмдерінде Елбасы Н.Назарбаев жайындағы киноэпопияда басты рөлдерді сомдаған актер Дәурен Серғазин өзінің актерлік мансаб жолындағы жетістіктерімен бөлісіп, жастарды алға қойған мақсаттарға табандылықпен жетуге шақырды.
Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері синтетикалық есірткінің зиыны жайында айтып берді.
Айта кетерлігі, мемлекет тарабынан қолға алынған осындай шаралардың нәтижесінде есірткі қолданатын ел тұрғындарының саны соңғы 5 жылда 37,6 пайызға ( 49 795-тен 31 049 адамға), төмендеді.
19:31, 23 Қаңтар 2016
Астана полициясы есірткіге қарсы акцияға кино, спорт және денсаулық сақтау саласының өкілдерін жұмылдырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде студенттер арасында есірткіге қарсы акция ұйымдастырылды, деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен.