Астана қалалық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында жер ресурстарын пайдалануды бақылау, құрылыс объектілеріне мониторинг жүргізу және заңнама бұзушылықтарын анықтау үшін қолданылатын спутниктік мониторинг, геоақпараттық платформалар және талдамалық жүйелер саласындағы заманауи шешімдер таныстырылды.
Мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру, тәуекелдерді талдау және құқыққұзушылықтардың алдын алу үшін цифрлық технологияларды практикалық қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл перспективалары және мемлекеттік органдардың жұмысында заманауи технологиялық шешімдерді одан әрі пайдалану мәселелері талқыланды.
-Астана қаласының прокуратурасы заңдылықты нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен мемлекеттік мүдделерді қорғауға бағытталған заманауи тәсілдер мен цифрлық шешімдерді енгізу бойынша жұмысты алдағы уақытта да жалғастырады,-делінген хабарламада.
Астана қаласының прокуратурасы заманауи цифрлық құралдарды енгізу және заңдылықты қамтамасыз ету мен мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында талдамалық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Осыған дейін Бас прокуратура кибералаяқтықты ашу көрсеткіші 29%-ға өскенін хабарлаған болатын.