«Полицияның баяу әрекет етуі өзекті проблема болып қалуда, бұл тұрғыда БАҚ-та кеңінен жарияланған «Сарыарқа» СОСО-да кассир қызды Төрегелдиев есімді азаматтың соққыға жыққан оқиғасын мысал ретінде келтіруге болады. Яғни, оқиға орнына полиция қызметкерлері 30 минут өткеннен кейін ғана келді», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, қалалық Ішкі істер департаментіне күн сайын шамамен орын алған оқиғалар туралы екі мыңға жуық немесе одан астам хабар түседі.
«Осыған байланысты біз ІІД басшылығымен полиция экипаждарының бағдарларын ұйымдастыру шараларын қайта қарастырдық. Бүгінде полицияның әрекет етуі уақыты біршама жақсарды»,-деді Т. Сүлейменов.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің орта кезінде аты шулы оқиға елордалық «Сарыарқа» СОСО-дағы «Кинопарк» кинотеатрында орын алды. Кассирмен арада дау туғандықтан, жігіт оған салқын судың ыдысын лақтырып, кейін қызды тепкінің астына алған. Полиция бұзақыны сол күні ұстады. Бұл 22 жастағы Астана тұрғыны Қуаныш Төрекелдиев екені анықталды.
Желіде оқиға бейнеленген видео жарияланды. Ролик пайдаланушылар арасында үлкен наразылық тудырып, тез тарап кетті.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 293-бабы бойынша сот алдындағы тергеу басталған еді.
Қазан айының орта кезінде Қуаныш Төрекелдиевке қатысты сот алдындағы тергеу тараптардың бітімге келуіне байланысты тоқтатылды.