Олардың басым бөлігі әкімшілік құқық бұзғандары, жасалған қылмысқа қатыстылығы үшін, сондай-ақ, құжат тексеру кезінде ұсталады.
Астана стансасындағы ішкі істер желілік басқармасының полиция полковнигі Д. Әбдікәрімовтің айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айында 30 адам қабылдап-тарату орындарына, ал 69-ы Астана қаласындағы бейімдеу орталығына тапсырылған. Сондай-ақ, Астана стансасындағы ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері әртүрлі қылмыс жасаған 38 азаматқа іздеу салған. Бүгінгі таңда оның 5-уі анықталып, тиісті органдарға берілді.
Мәселен, жақында Астана қаласының темір жол вокзалында желілік бөлім полицейлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында 24 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны ұсталды. Тергеу барысында оның ҚР ҚК 175 «б» бабының 1 бөлігі бойынша ұрлық жасағаны үшін Қарағанды облысы Абай ауданы ішкі істер бөлімі іздеу салған азамат екендігі белгілі болды.
Жалпы, 2014 жылдың басынан бері ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің қызмет ету аумағында, яғни темір жол мен әуе көлігі нысанындарында қаңғыбастықпен және қайыршылықпен айналысқан кәмелеттік жасқа толмаған 133 жасөспірім ұсталып, бейімдеу орталықтарына жеткізілді.
Қабылдап-тарату орындарына тұрақты мекен-жайлары анықталмаған 439 азамат орналастырылды.