Астана тұрғындары мен қонақтары Наурыз мейрамын тойлауда (ФОТО, ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда тұрғындары мен қонақтары Наурыз мейрамын халықтық серуенмен, ән айтып, би билеп дәстүрлі тағамдармен қарсы алуда.

Қаланың бірнеше алаңдарында мерекелік шаралар өтіп жатыр.Басты шаралардың бірі «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда болды. Мұнда әдеттегідей, киіз үйлер тігіліп, спорт жарыстары ұйымдастырылды, алтыбақан орнатылып, концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды.

Халық арасында күрес, гір спорты, армрестлинг, арқан тарту, асық ату жарыстары өткізілді. Қалалық мәдениет мекемелері болса, адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда. Ашық аспан аясында өтіп жатқан мерекеге еліміздің басқа өңірлерінен және шет елдерден келген қонақтар да қатысуда.

Айта кетер жайт, мерекелік шаралар «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда, сондай-ақ қалалық алаңда да өтіп жатыр.