Тергеудің алғашқы күнінен бастап-ақ жәбірленуші мәлімдеген фактілердің анық-қанығын жан-жақты анықтау жөнінде қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
2015 жылғы 23 сәуірде аталмыш қылмысты жасауға күдікті ретінде Қ.Жамалиев ұсталып, 24 сәуір күні оған қатысты іс материалдары қамауға алу шараларын қабылдау үшін сотқа жөнелтілді.
Есіл ауданы прокурорының санкциясымен күдікті Қ.Жамалиевтің тұрғылықты жеріне, сондай-ақ оның қызметтік кеңсесіне үш рет тінту шаралары жүргізілді.
25 сәуір күні полиция қызметкерлері қылмысқа қатысты екінші адамды - А. Прибытковты (Жамалиевтің жүргізушісі) ұстады.
Дәл осы күні қылмысқа қатысты үшінші күдікті - А. Әбілтаевқа іздеу жариялай отырып, оны сырттай қамауға алу шарасын санкциялау туралы ұсыныс келісілді.
Тергеу барысы Бас Прокурор мен Ішкі істер министрінің жеке бақылауына алынды.