«Астана» велокомандасы «Швейцария туры» әлемдік турына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Астана» велокомандасы «Швейцария туры» әлемдік турына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Команда құрамында қазақстандық Алексей Луценко пен Вадим Пронский, Самуэле Баттистелла, италиялық Симоне Веласко, Фабио Феллине, Леонардо Бассо мен колумбиялық Харольд Техада бар.

Көпкүндік 18 маусымда мәресіне жетеді. Жарыс сегіз кезеңге жоспарланған.

Беделді бәсеке 1933 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бұған дейін 2003 жылы Александр Винокуров аталған жарыста бас бәйгені иеленді.

Былтыр «Ineos Grenadiers» клубынан британиялық Герайнт Томас жеңімпаз атанды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан велоспорт құрамасы Азия чемпионатынан алтын еншіледі.