Шара барысында қаңғыбастықпен, қайыршылықпен және интимдік қызмет көрсететін тұлғаларды анықтап ҚР ӘҚБтК 449 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері 19-24 тамыз аралығында 130 әкімшілік құқықбұзушылық анықтады.
ҚР ӘҚБтК 449 1т бойынша (Қоғамдық орында тиісу) - 40 әкімшілік хаттама, қайта құқық бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 449 бабы бойынша - 14 әкімшілік хаттама.
ҚР ӘҚБтК 440 бабы бойынша (алкогольді ішімдік ішу) - 40 тан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК 505 бабы бойынша (қаланың абаттандыру ережелерін бұзу) - 5 хаттама, 437 бабы бойынша (тыныштықты бұзу) -14 әкімшілік хаттама, 441 бабы бойынша (қоғамдық орындарда темекі тарту) -15 әкімшілік хаттама толтырылды.
Қоғамдық орындарда құқық бұзған 150-ден астам тұлға ұсталып, оның ішінде 90-ға жуығы интимді қызмет көрсететін тұлғалар екендігі анықталды.
Вокзал маңындағы жедел алдын алу шаралары жалғасуда.