«Бүгін таңғы 10:50-де патрульдік жаяу жасақ темір жол вокзалы маңындағы аялдамадан күдікті қорап тауып алып, жедел әрекет ету қызметіне хабар берген. Мамандар қораптан ешқандай күдікті зат таппады және 11:25-те қоршау алынды», - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.
13:06, 04 Сәуір 2017
Астана вокзалы маңында күдікті қорап іздестірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жедел әрекет ету қызметі күдікті қорап туралы хабар алған соң Астана вокзалын қоршауға алды. Бұл туралы Астана ІІД баспасөз қызметі хабарлады.