Бастапқыда күдікті зат табылған аумақ қоршауға алынған, сондай-ақ куәгерлерден жауап алынып, бейне бақылау камерасындағы жазба тексерілген. Вокзалдан 400 келуші мен 40 қызметкер сыртқа шығарылған.
Қорапты тексеру кезінде айналаға қауіп төндіретін қандай да бір зат табылмады. Сағат 18:52-де қоршау алынды.