Аталған қылмыстар жасады деген күдік бойынша Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
«Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды. „Қара“ нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгеден артықты құрауы мүмкін», — делінген хабарламада.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.