— Халықаралық AI& Digital Bridge 2026 форумы аясында Astana AI Film Festival шарасы басталды. Бұл — мемлекеттің қолдауынсыз жеке бастамамен жүзеге асырылған әлемдегі ең ауқымды іс-шара. Фестивальге 125 елден жасанды интеллекті арқылы түсірілген 8 мыңнан астам фильм ұсынылған. Келіп түскен жұмыстарды Одрэ Азуле бастаған халықаралық жюри бағалайды, — делінген жазбада.
Вице-президенттің сөзінше, Одрэ Азуле — ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры әрі Францияның Мәдениет министрі болған.
— Ол халықаралық ұйымға басшылық еткен жылдары цифрлық шешімдер мен жасанды интеллекті мәселелерін алғашқылардың бірі болып көтерді. Бүгін Азуле ханыммен кездесіп, түрлі тақырыптар төңірегінде пікір алмастық, — деп жазды Қарин.
Еске сала кетейік, Астанада жасанды интеллектінің көмегімен жасалған фильмдер байқауының финалы басталды.
Бұған дейін Ерлан Қарин Тоқаевтың Берлиндегі мәлімдемесіне тоқталған болатын.