Астанада 13 қабатты үйдің шатырынан секірмек болған келіншек құтқарылды
"11 наурыз күні кешкі сағат 6 шамасында Тәшенов көшесі бойындағы 13 қабатты тұрғын үйдің шатырынан Астана маңында тұратын 29 жастағы келіншек секірмек болған. Оқиға жайында ақпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің кезекшілігіне түскен. Орталық өңірлік аэромобильді құтқарушылар жасағының бас маман-құтқарушысы Мақсат Имашов екі полиция қызметкерімен үйдің шатырына көтеріліп, келіншекпен келісссөз жүргізуге тырысқан еді. Алайда ол көнбей қойған", - деді ресми өкіл.
Оның айтуынша, полиция қызметкерлері келіншекті сөзге тартып тұрған сәтте құтқарушы үй шатырының күнқағарына түскен.
"Келіншектің туы сыртынан байқатпай келген құтқарушы оны ұстап үлгерді. Осы сәтте көмекке келген полиция қызметкерлерімен бірге келіншекті құтқарып, төмен түсірді. Оның мұндай қадамға жұбайымен ажырасқаннан кейін барғаны анықталды", - деді Нұрділдә Ораз