– Қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтардың 19 миллион теңге көлеміндегі қаражатын алаяқтардың иемдену әрекеті тоқтатылды. Екінші деңгейлі банктермен жүргізілген жұмыс кезінде күмәнді операциялар дер кезінде анықталып, қаражат бұғатталды, - деді спикер.
Сонымен қатар оның сөзінше, «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп интернет-алаяқтық жасауға бағытталған 36 әрекеттің жолы кесілген. Бұдан бөлек, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында 4320 жалған хабарландыру мен заңсыз интернет-ресурсты бұғаттау жөнінде ұсыныс жолданған.
Айта кетейік, жыл басынан бері елордада интернет-алаяқтықтың 1530 фактісі тіркеліп, 66 адам жауапқа тартылды.