Ақпараттық материалдар елорданың көпшілікке танымал бірқатар нысанында көрініс тапқан. Алдағы дауыс беру күні туралы еске салатын ақпаратты алып шолу дөңгелегінен, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ғимаратының қасбетінен, Астана халықаралық әуежайынан, сондай-ақ қала көшелерінің бойындағы цифрлық экрандардан көруге болады.
Алдағы сайлау туралы тұрғындарды хабардар ету үшін елордада түрлі қалалық ақпарат алаңдары пайдаланылып жатыр. Олардың қатарында халық көп жиналатын орындарда орналасқан экрандар да бар.
Айта кетейік, астаналықтар өздерінің сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын бірнеше жолмен біле алады:
- sailau.astana.kz сайты арқылы;
- «Сайлау Астана» Telegram-боты арқылы;
- iKOMEK бірыңғай байланыс орталығына 109 нөмірі бойынша.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровке мәслихат сайлауында барлық кандидатқа тең жағдай жасауды тапсырған болатын.