Тоқаев мәслихат сайлауында барлық кандидатқа тең жағдай жасауды тапсырды

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады.

Тоқаев алдағы сайлауда барлық кандидатқа тең жағдай жасауды тапсырды
Фото: Ақорда

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2026 жылы 29 қарашада өтетін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық барысы бойынша сайлау органдарының атқарып жатқан жұмысы жөнінде ақпарат берілді.

Президент сайлауды «Заң және тәртіп» конституциялық қағидаты негізінде өткізу, кандидаттар мен саяси партиялардың барлығына тең жағдай жасау маңызды екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта депутаттық корпустың жаңаруы жергілікті өкілді органдардың қызметін едәуір күшейтетініне баса назар аударды.

Айта кетейік, 29 қарашада Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

Бұған дейін мәслихат депутаттарының сайлауына қандай партиялар қатысатынын жаздық.

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы туралы өзекті жаңалықтарды осы жерден оқи аласыз.