«Кезбе» жедел алдын алу шарасын 27 шілде мен 7 тамыз аралығында Астана қаласының ІІД-мен бірлесіп өткізуде.
Барлық панасыз жүрген адамдар туралы жеке деректерді анықтау үшін мәліметтер қорында тексеріледі. Әрқайсысының саусақ іздері түсіріліп, тізімге алынады.
«Кезбе» шарасы кезінде жеткізілген жандармен орталық психологтары мен участкелік инспекторлар профилактикалық әңгімелесу жүргізеді. Ұсталған 205 адамның 43-нің туыстары табылған және олар тұрғын жерлеріне қайтып оралды», - деп хабарлады Тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдар үшін әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ директоры Динара Шапина.
42 адам бейімдеу орталығының күндізгі бөлімшесіне қабылданды. Онда олар ерікті түрде тұра алады. Орталық мамандары мұндай адамдарға әлеуметтік, медициналық, құқықтық көмек көрсетеді. Сондай-ақ жұмысқа орналастырады.