Астанада 500 астам тәртіп сақшысы велошеруге қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық полицейлер велосипедті тізгіндеді. Қазақстан полициясының күні қарсаңында ұйымдастырылған шараға Астана қаласы ІІД басшылығы мен жеке құрамы, Ішкі істер органының ардагерлері қатысты.

Таңсәріден басталған велошеруге 500 астам полиция қызметкері қатысты. Олар жарты сағаттың ішінде «Атамекен» қорған кешенінің автотұрағынан бастап, «Қазақ елі» алаңына дейінгі қашықтықты бағындырды, деп хабарлайды аstana.kz