«ҚР ҚК 121-бабы бойынша 2011 жылғы кәмелеттік жасқа толмаған қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада.
48 жастағы бұрын сотты болған күдікті Астана қалалық ІІД УҚО-ға қамалды.
«Ұсталған ер адам «Промышленный» шағынауданында тұратын қызды үйінен алдап алып шығып, ен далаға ертіп барған. Жақын жерде жұмыс істеп жатқан жұмысшылар оны байқап қалып, ұстап алған», деп жазылған хабарламада.