- Сығанақ көшесінің Төле би көшесінен Айтматов көшесіне дейінгі учаскесінде;
- Айтматов көшесінің Сығанақ көшесінен Қ. Мұхамедханов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі.
— Жол қозғалысына қатысушылардан өзгерістерді ескеріп, жол белгілерінің талаптарын сақтауды және қалыптасқан жол жағдайын ескере отырып, бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Астанада биыл 50 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.