АСТАНА. KAZINFORM — Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде № 31 мектеп-гимназияның 7Д сынып оқушысы Ақан Әкімжанов қайғылы жағдайдың алдын алды. Бұл жайында қала әкімдігінен хабарланды.
20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүргенде 4-ші қабатта балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған.
Ол уақыт оздырмай бірден қимылдап, жүгіріп барып балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды.
Ақан Әкімжанов көпбалалы отбасынан шыққан.
Ол өзінің осынау әрекетін кішкентай баланы көргенде ойланбастан жасағанын әрі өзінің де іні-қарындастарының бар екенін айтады.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.